Студенттердің теріс діни ағымдардың арбауына түсіп қалмаужолдары. Жас мамандар оқу орнын бітірген кезінде бірқатар бейімдеу мәселелерге тап болады. бұл жұмысқа орналасу, жаңа жұмыс орнына бейімделу, кейде жаңа қалаға бейімделу мәселелері болуы мүмкін. Әдетте бұл кезең жас маманның өмірінде өте өзгермелі жақ болып саналады. Қазіргі заманның бір мәселесі – дін атын жамылған террористтік-экстремисттік теріс ағымдардың жас мамандардың өздерінің қатарларына қосуды көздеуде. Айта кетейік, Қазақстанда теріс дін ағымдар жиырмасыншы ғасырдың 90-шы жылдардан бастап таралып келеді. Заңды түрде тиым салынғанмен, олар өздерінің теріс пиғылдарын діни хабары жоқ сауатты беделді адамдарға дұрыс деп үгіттеп насихаттайды. Сондай-ақ дін атын жамылып, сенім мен ақиқат жолды растаймыз деп, түрлі саяси-экономикалық мақсатында жастарды өз қатарларына қосып, жас адамдардың ой-санасын басқарып алады. Тартушылардың жұмысқа қажет мамандық картасы бар. Олар насихаттарын 24 тілде жүргізеді, ал оның үшінші — орыс тілінде ілгерілетеді. Оларға лингвистер, сондай-ақ IT — технологиялар мамандары, психологтар мен дәрігерлер қажет. Студенттерге қызмет бабында арнайы алға жылжу әлеуметтік қызметтер ұсынылады. Уәделері – қызметте өсуі, жоғары лауазымы, тұрақты жалақы. Бірінші кезекте олар психологиялық тәсілдермен әсер етеді. Жас адамдарға максимализм, көшбасшы болуға ұмтылу тән. Сондай-ақ оқуын бітірген жас адам тез әрі оңай жолмен табысты болуын қалайды. Сондықтан да оларға барынша жағдай жасап беру уәделенеді. Осы уақытқа дейін ІІМ мен ФҚҚ қызметіне хабарласып, жас студенттердің ата-анасы дін атын жасылған ағымдардың арбауына түсір қала жаздаған баласы туралы жағым түсірген болатын. Террористтік топтардың мақсат тұтқан адамдар – білімді, білікті, оқымысты жастар. Бұның басты себебі – 1. Білімді адамдардың басқа әлеуметтік топтарға шығу мүмкіндігінде; 2. Қоғам білікті мамандарға сенімділікпен қарап, айтқанына көңіл бөледі; 3. Санасы басқарылған адамның тегін қызметін қолдану; Радикалды топтарды орыс тілді жастар, мамандар қызықтырады. Себебі орыс тілі араб және ағылшын тілінен кейін үшінші орында. Бұл таңқаларлық емес, негізінен бұрынғы КСРО аумағында орыс тілінде шамамен 260 миллион адам сөйлейді. Нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) меңгерген кәсіби мамандар жұмыс істейді, олар наным-сенімнің басқа да көптеген заманауи әдістерін біледі, жарқын, тартымды бейнелерді пайдаланады, әр түрлі игіліктерге уәде береді, жалпы әлемдік ауқымдағы "әділдік миссиясына" қатысуға шақырады. Негізгі жұмыс жас адамдар қоршаған ортаны дискредитациялау бойынша жүргізіледі, алдымен бұл әлемнің әділсіздігіне шағымдалым, содан кейін шығудың жолдары ұсынылады - бұл: бауырмалдық, әлеуметтік әділдікті орнату секілді «Ислам мемлекеті», «Такфир», «Хизб ут-тахрир» «Салафизм» топтардың өкілдерімен арбау насихатталады. Әрине, жиі психотроптық құралдар қолданылады. Ал ең бірінші құрал – психологиялық қысым көрсету. Егер бұрын экстремистік ұйымдардың жұмысыүзілетін болса, қазір жұмыс жоспарланған және сауатты жүргізілуде. Батыста, Ресей Федерациясында және бірқатар Азия елдерінде куәландырылған мамандар болған жағдайда олар 24 тілде жұмыс істейтін механизм құрды, - дейді РФ "Дін және қоғам" ақпараттық–талдау орталығының президенті Алексей Гришин. 1 Ресейлік жоғары оқу орындарының бірінде Жаклин есімді араб тілінің оқытушысы лингвист-студенттер, әсіресе арабшылар террорист-вербовщиктердің нысанасына айналғанын растайды. «Адам араб мәдениетіне, исламға қызығушылық танытқанда, оның мүддесі арқылы оған көзқарасты табуға болады. Студенттерге қиын болғандықтан, олар тілді үйренуге көмек ұсынады. Олар бұл көмекті жиі қабылдайды. Бізге оқыған кезде араб балалары көмектесті - бұл өте жақсы болды. Мұндай жылдар бойы жасалған, сенімге негізделген жүйе бүгінгі күні, өкінішке орай, радикалдардың пайдасына жұмыс істейді", — деді ол RT-мен әңгімелеуде. 1 Оның айтуынша, тілді үйренуді бастаған студенттер жиі өз профиліне, мысалы, араб тілін білетіндігі туралы ақпаратты қояды. Осындай сүзгі бойынша немесе тілді үйрену бойынша тақырыптық топтарда тартушылар өз көмегін ұсына отырып, жаңа құрбандарды іздейді. Өкінішке орай, бір студент қыз бірден мәселенің қауіпті екенің түсінбеді. Араб тілін үйренуде шын мәнінде көмек сұрады. Содан кейін басталды: «тұрмысқа шық, маған кел, саған бейбітшілік көрсетемін, саған шынайы бақытты өмір көрсетемін». Мұның бәрі өте әдемі естіледі, бірақ әдетте террористер өз қатарынаадам қосу үшін не істемейді, — деді оқытушы. Оқытушы Жаклин үнемі желіде күдікті ерлер оның студенттерімен қарым-қатынас жасауға тырысады дейді. Террористтер есепші, IT - мамандарға зәру, себебі олар арзан қызмет көрсете алады. "Егер радикалды ағымның ұстанушылары талантты, еңбекқор студентті көрсе, қаражат жағынан тиімді пайдалануға болады деп, сол адамды тартуға әрекет етеді. Оқып жатқан кезінде насихаттап жіберу - оқу бітірген соң оны басқа уйымнан көп ақшаға сатып алғаннан әлде қайда арзанырақ! Сарапшылардың пікірінше, теріс ағымдағы адамдар студенттерді өте оңай өздерінің қатарларына кіргізу жолдарын меңгерді : 1. Студент психологиялық тұрғыдан әлі тұлға ретінде қалыптасып келе жатқан жас ересек, оның критикалық ойлау қабілеті дамымаған; 2. Студент болашақта нақты қай жерде жұмыс істейтінін білмейді; 3. Студенттер қоғамда болып жатқан саяси құбылыстарды осалдықпен қабылдайды, әрі өмірлерін жақсы жаққа өзгерту арқылы, өз орнымды табамын деп ойлайды; 4. Теріс ағымдар студенттік өмірге үйреніп қалған балаларға шет елге барып танымал маман болудың оңай жолын ұсынады. Ал шет елге барып жұмыс жасау - көпшілік студенттердің арманы екені құпия емес. Осылайша, 2012 жылы Орал қаласының тұрғыны, 20 жасар «Мариям» есімді қыз "есеп және аудит" мамандығы бойынша Мемлекеттік университетте оқыды. Мариямның бала кезінен математика мен физика пәнждріне қызығушылық туындайтын. Болашаққа деген армандар мен мақсаттар, жоспарлары мол еді. Алайда, оқуын бітіруге 4 ай қалғанда, әлеуметтік желіде сымбатты жігітпен танысады. Ол жігіт бірден жас қыздың әдемі сөздермен, романтикалық сыйлықтармен жүрегін жаулап алады. Екі ғашық көп ұзамай үйлену тойын жасады. Бірден, тойдан кейін, жігіт дін жайлы көп насихат және үгіт айта бастады. Басында, мен сені өзім асыраймын, әйелге жұмыс істеуге болмайды деп, кейін: туыстарын жаман, олармен де кездеспе деп, жас келіншегін үйден шығармай отырады да, компьютер арқылы, діни мағлұматтарды тарат деп бұйырды. «Жолдасымнын айтқанына бағынамын» деп, Мариям компьютерді жақсы меңгерген үшін, радикалды мазмұны бар түрлі аудио, видео, суреттер тарата бастады. Осылайша, декрет демалысына шыққан Мариям, 3 жылдың өткенің білмей қалады. Жолдасы : бұл мемлекетте адал жұмыс жоқ, шетелге кетуіміз керек! -, деп жар салады да, отбасын әуелі Түркияға, содан соң Сирия мемлекетіне "жұмысқа" деген сылтаумен, соғыс қайнап тұрған жерге алып келеді. Өтіріктің құрбаны болған жас ана Қазақстанға жарты жылдан кейін өз туыстарының арқасында оралады. Алайда, оны : ҚР ҚК 174-бабы бойынша «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты тудыру» үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылып, осы уақытта АММ «ЕС-164/6 Мекемесінде» жазасын өтеуде. Міне, осындай жағдайға душар болған адамдар аз емес. "Біздің қатеміз - діни сауатсыздығымыз бен сенімділікте" екенін мойындап, керекті жазаларын алуда. Назарбаев университетінің саяси ғылымдар мен халықаралық байланыстар бөлімінің профессоры Элен Тибо «Азаттық» радиосына берген сұхбатында: «Өзгерістер болып жатыр. Дінді жаңарту туралы айтып отырмын. Бірақ тиісті әдебиеттерде де бұл терминге қатысты дау көп. ОА елдерінде дінге ықылас артып келеді. Әрине, Түркіменстандағы жағдайды жақсы білмейміз, өйткені ол елге бара алмаймыз. Жасына қарамастан дінге бет бұрған және дінді уағыздайтын адамдар саны қоғамның барлық топтарында көбейіп келеді. Орталық Азияда секуляризм құндылықтары да мықты. Халықтың көп бөлігі мемлекет дінге араласпауы тиіс (мемлекет діннен бөлек болуы) деген саяси принципті мықты ұстанады. Бірақ радикал топтардың шығып жатқаны да рас. Бұрын ондай топтар болмаған. Бұл құбылыс онша көп тарай қоймағанымен, оған назар аудару керек».3 Теріс діни ағымдарға тартылудың дәрежесіне қарай оның алдын алу мақсатында М. Қозывбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің студенттерімен педагогикалық жұмыс жоспары келесі сатыларға бөлінеді: 1. Болашақ мамандардың діни сауатын арттыру мақсатында дәрсітер бағдарламасына «дінтану» курсын енгізу; 2. Студенттермен жалпы тәрбие жұмыстары; 3. Қауіпті тобындағы студенттермен тәрбие-түзету жұмыстары; 4. Діни секталардың ықпалындағы студенттермен оңалту жұмыстарын өткізу; Қандай да бір теріс діни ағымға тап болған жас мамандарға қатысты әлеуметтік педагог-психологтармен бірлесіп, негізгі нысандарының бірі болған отбасы мүшелерін, дінтанушыларды, ішкі саясат өкілдерді тарта отырып, лаңкесттік идеялардан құтылу немесе кіріп кетуден сақтану жолдарын қарастыру бойынша консультациялар мен семинарларды ұйымдастыру керек. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу - бұл жас педагог маманның әлеуметтік сәйкестігін қалпына келтірудің принциптері мен практикалық тәсілдері туралы ақпарат беру. Оларға кеңес беру: білім беру материалдарымен толықтырылған, лайықты әдебиетпен, түпнұсқа бастапқы материалдармен (түпнұсқа көздер) қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын беру түрінде жария салу, сонымен қатар жеке диалогын болжайды. Ажар Сыздыкова, ислам дінін зерттеуші облыстық арнайы АТТ мүшесі, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Педагогика және психология» факультетінің 1-ші курс магистранты Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы pochtovyi-yawik@mail.ru

Теги других блогов: терроризм насихат жас мамандар